Көрісу күні
Бүгін, 14 наурыз – «Көрісу күні.» Бұл күнді Амал мерекесі деп те атайды. Адамдар осы күні бұрынғы өкпе-ренішін кешіріп, бір-біріне амандық-саулық тілейді. Көрісу күнінде жасы кіші адам үлкен кісінің үйіне барып көрісіп шығады. Міндетті түрде кем дегенде үш үйдің есігін ашу керек деген ырым бар.
Тәрбиеші Сагадиева А.К. орталықтың тәрбиеленушілермен «Көрісу» тәрбиелік тағлым сағатын өткізді. Ұлттық киімдерін киіп, құттықтау өлең шумақтарын арнады. Бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдіріп, саулық тіледі.