«НАУРЫЗ» — МЕЙІРІМДІЛІК МЕРЕКЕСІ
Наурыз — бұл тек көктемнің ғана емес, ең әуелі ізгілік пен жақсылықтың мейрамы. Ұлыстың осы бір ұлы күні адамдар бір-біріне деген өкпе — реніштерін ұмытып, кешірімге келіп татуласып, табысқан.
Бүгін орталықта тәрбиеші Қыдырбек А.Қ. ұйымдастырумен «Мейірімділік жүректен» атты тәрбиелік тағлым сағаты өтті. мақсаты — қазақ жеріндегі бейбітшілік пен достықты нығайту, ұлттық бірегейлікті сақтау, отбасылық құндылықтарды дәріптеу. Мейрімділік туралы әңгімелесіп, бір-бірлеріне жүрек жылулықтарын арнады.
