Батырлар күні
Еліміздің қорғаны — ер азаматтар! Сіздерді мемлекетіміздің айбынды мерекесі Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймыз! Отанға адал, елге қайырымды, отбасына мейірімді болыңыздар. Жүректеріңіз оттай лаулап, жандарыңыз әрдайым жас болсын. Қайратты, мақсатты болыңыздар.
Орталықтың тәрбиеленушілері мерекелік шараға белсене ат салысты. Тәрбиеші Ибраева Д. К. ұйымдастырылған мерекеге арналған өлең жолдарымен ән шашуларын арнады.
«Батырлар күні» аппликациялық жұмысын жалғастырған тәрбиеші Қыдырбек А.Қ. Оқушыларға Ұлы Отанды сүюге, ерлік көрсеткен батырлардың бойындағы ержүректілік, отан сүйгіштік, ұлтжандылық қасиеттерін дәріптей отырып Отанын, елін қорғай білуге тәрбиелеу жұмыстарын жүргізді.