9 -мамыр Жеңіс күні

9 мамыр — қуанышты, маңызды және сонымен бірге әсерлі күн. Бұл күні соғыс даласынан оралмағандарды еске алып, аман қалып, соңына дейін жеткен ардагерлерге алғыс айтамыз. Тәрбиеші Қыдырбек А.Қ. балалармен мерекелік шараға белсене ат салысты. Сахналық «Дети воины» атты көрнісімен жүректерді елжіретті. Қазақтың батырларын ұлықтап, оларды еске алды. Жеңіс күніне арналған өлең жолдарын арнады. Арнайы келген ауыл тұрғыны еңбек ардагері, ұлы ұстаз, Ұлан ауданының » Жыл адамы» құрмет иегерң Ануфриева Диана Григорьевна қонаққа келді. Соғыс жылдарында дүниеге келген апамыз соғыстың зардаптары мен қиындықтарын баяндады. Өскелең ұрпаққа көп үлгі өнеге ақыл кеңестерін айтты. Мерекенің мақсаты: бұл-қаза тапқандарды еске алу күні. Бұл — қазір өмір сүріп жатқан батырларға құрмет. Бұл-азат етілген халықтың қуанышы. Бұл Ұлы Жеңістің қандай бағамен өндірілгенін жастарға Мәңгілік ескерту.