Күздің соңғы айында
«20 қараша – Балалар құқықтарын қорғау күні» БҰҰ Балалар құқықтары туралы Конвенциясының қабылданған күніне арналады. Бұл тақырыпты орталық тәрбиеленушілеріне құқықтық білім беру, құқықтарын түсіну, қоғамда өздерін қорғау жолдарын меңгерту мақсатында қолдануға болады.
«Ұлттық тағамдар мен киімдер»
Мақсаты – ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын ұлттық құндылықтар мен жалпы адамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу.
«Ынтымақтастық»
Мақсаты: дос туралы, достық қарым — қатынас жөнінде түсінік беру. Адал дос пен амал достың айырмашылығын түсіндіру. Адалдыққа, сыйластыққа тәрбиелеу.
«15 Қараша -Ұлттық валюта күні» (Теңге – мемлекет келбеті)
Мақсаты: Тәуелсіз еліміздің ең бірінші айрықша белгісі теңгемен тереңірек таныстыра отырып,сөздердің мағынасын, қолдану аясын жете білуменнен байланысты оқушылардың мүмкіндігін дамыту.
«Менің сүйікті жануарларым»
Мақсаты: жануарлармен таныстырып, жабайы жануарлар туралы түсінік беру. Жабайы аңдарды суреттер арқылы ажыратуға үйрету.
Жабайы жануарлар жайлы түсініктерін кеңейту, ұғымдарын толықтыру, байланыстырып сөйлеу тілін қалыптастыру, сөздік қорын байыту, тіл байлығын дамыту.Қоршаған орта және жануарлар әлемі туралы тәрбиелік мәні зор әңгімелер айту, аңдарға деген сүйіспеншілік сезімін ояту.