Кітап сыйла

Бүгін біздің орталықта ерекше кездесу өтті. Тәрбиеленушілерге арнайы «Читатели» кітап клубының жетекшісі Зарина Граневская келіп, кітап оқудың маңыздылығы туралы әңгімелесті. Ол балаларды қызықты шығармалармен таныстырып, кітаптың адам өміріндегі рөлі, ой-өрісті дамытудағы пайдасы туралы әсерлі пікірлерімен бөлісті.

Кездесу барысында тәрбиеленушілер өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, әдебиет әлеміне терең үңілуге мүмкіндік алды. Сондай-ақ, оқырмандық дағдыларды қалыптастыру, шығармаларды талдау және кітап оқуды сүйікті әдетке айналдыру жөнінде пайдалы кеңестер берілді.

Балалар кездесуден үлкен әсер алды, олардың кітапқа деген қызығушылығы артып, жаңа шығармаларды оқуға деген ынтасы күшейді. Мұндай шаралар тәрбиеленушілердің жан-жақты дамуына ықпал етіп, олардың ой-өрісін кеңейтуге көмектеседі.