8 -наурыз мерекесі құтты болсын!

Бүгін орталығымызда 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күніне арналған мерекелік іс-шара өтті. Мерекелік шара барысында тәрбиеленуші балалар өз өнерлерін көрсетті. Олар аналарына арнап жүрекжарды жыр шумақтарын оқып, «Анашым» әнін сағынышпен орындады.

Мың бұралған бишілер «Камажай» биін нақышына келтіріп билеп, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді. Сонымен қатар, жүрек тебірентер «Мама» әні хор түрінде орындалып, әсерлі сәттер сыйлады.

Мерекенің ең ерекше сәті – орталықтағы тәрбиеленуші ұл балалардың өз қолдарымен жасаған құттықтау ашық хаттарын сыйлауы болды. Бәрі күтпеген сыйлықтарға ие болып, мереке шын мәнінде қуанышқа толы болды.

Орталықтағы қыздарымызға басшылық тарапынан да мерекелік сыйлықтар табысталды. Алмаш Амангелдинова мен кәсіподақ мүшелері ұжымның әйел қауымын да назардан тыс қалдырмай, құттықтап, өз тартуларын жасады.

Мерекелік іс-шара өте әсерлі, көтеріңкі көңіл-күйде өтті. Баршаңызды 8 Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!

 

Сегодня в нашем центре прошло праздничное мероприятие, посвященное Международному женскому дню – 8 Марта. Воспитанники центра порадовали гостей своими талантами. Дети прочитали трогательные стихи для мам, исполнили с душой песню «Анашым».

Грациозные танцовщицы зажигательно исполнили танец «Камажай», завоевав любовь зрителей. Также хоровое исполнение проникновенной песни «Мама» создало особую атмосферу.

Одним из самых запоминающихся моментов стало вручение поздравительных открыток, сделанных своими руками мальчиками-воспитанниками. Все получили неожиданные подарки, что добавило празднику особую радость.

Девочек, воспитывающихся в центре, также не оставили без внимания — руководство центра, в лице Алмаш Амангельдиновой, поздравило их с праздником и вручило подарки. Члены профсоюза также поздравили женщин коллектива, вручив им приятные презенты.

Праздник прошел очень ярко и эмоционально, подарив всем хорошее настроение. Искренне поздравляем всех с праздником 8 Марта!