14-наурыз «Көрісу күні»
Бүгін, 14 наурыз – халқымыз үшін ерекше мәні бар “Көрісу күні”. Бұл күн – адамдардың бір-біріне амандасып, саулық тілеп, ізгі ниеттерін білдіретін сәті. Осы мерекеге орай орталығымызда тәрбиеленушілермен бірге жүрек жылуына толы іс-шара өткіздік.
Мерекелік кеш барысында тәрбиеленушілер өз өнерлерін ортаға салып, әсем ән мен жыр жолдарын арнады, ұлттық би билеп, көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сонымен қатар, Көрісу күнінің мән-маңызын көрсететін бейнеролик тамашаланып, ата-бабадан жеткен осы дәстүрдің құндылығы жайлы айтылды. Тәрбиеленушілер мен педагогикалық ұжым көрісу салтын бірге көрсетіп, ақжарма тілектерін білдірді.
Айтулы күннің құрметіне орталығымызға Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының ШҚО бойынша департаменті басшысы Нұрланов Ерназ Нұрланұлы арнайы келіп, жүрекжарды құттықтауын жеткізді. Қуанышты сәтке ортақтасып, тәрбиеленушілерге арнап сыйлықтар мен тәттілерін тарту етті.
Балалар мейірімділік пен қамқорлыққа толы осынау кездесуге шексіз қуанып, алғыстарын білдірді.
Ұжым атынан баршаңызға ризашылығымызды білдіреміз! Көрісу күні құтты болсын!
Сегодня, 14 марта, мы отмечаем особый праздник – Көрісу күні. Этот день символизирует единство, теплые встречи и добрые пожелания. В честь этого замечательного праздника в нашем центре прошло праздничное мероприятие с участием воспитанников.
Во время торжества дети читали стихи, исполняли национальные танцы и создавали атмосферу радости. Кроме того, был показан видеоролик о значении праздника, а также рассказано о его традициях и важности в культуре нашего народа. Воспитанники и педагогический коллектив вместе показали обряд көрісу, обменялись теплыми словами и благопожеланиями.
Сегодняшний праздник также украсило особое событие – наш центр посетил Нурланов Ерназ Нурланулы, глава Департамента Бюро национальной статистики по ВКО Агентства стратегического планирования и реформ Республики Казахстан. Он поздравил воспитанников с этим светлым днем, пожелал им всего самого доброго и преподнес праздничные подарки и сладкие угощения.
Дети были рады такому вниманию и выразили свою искреннюю благодарность.
От имени всего коллектива мы говорим вам спасибо! Пусть День Көрісу принесет в каждый дом тепло, радость и благополучие!