19-наурыз – “Жаңару күні”

Осы мезгілде табиғат түрленіп, тіршілік қайта жанданады. Бұл күн ел өмірінде және әрбір қазақстандықтың өмірінде жаңа кезеңнің басталуын білдіреді.

Осыған орай, орталық тәрбиеленушілері табиғатқа қамқорлық танытып, гүл отырғызды. Бұл игі іс балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттырып, қоршаған ортаны қорғаудың маңыздылығын түсінуге ықпал етті. Гүл отырғызу барысында тәрбиеленушілер бірлік пен еңбектің мәнін ұғынып, көктемгі жаңару рухын сезінді.