Терроризм мен экстремизмнің алдын алу
Тәрбиеленушілермен терроризм мен экстремизмнің алдын алу мақсатында түсіндіру сабақтары өткізілді. Сабақ барысында балаларға терроризмнің қауіптілігі, оның салдары, сондай-ақ мұндай әрекеттерге қарсы тұрудың заңдық және моральдық жауапкершілігі туралы мәліметтер берілді.
Іс-шара барысында тәрбиеленушілерге бейнематериалдар көрсетіліп, сұрақ-жауап түрінде пікір алмасу жүргізілді. Сонымен қатар, құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу ұйымдастырылып, нақты өмірлік мысалдар келтірілді.
Бұл түсіндіру сабақтары балалардың құқықтық сауаттылығын арттырып, олардың бейбіт өмір мен қоғам қауіпсіздігін бағалай білуіне ықпал етті.