Жан жылуын арнаған жарты ғасыр
Кеше Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығында, Арнаулы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығында
директор, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі,
жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың білімін ұйымдастыру жөніндегі Республикалық кеңестің төрағасы
Бейсекенова Майра Баймұқанқызының кәсіби қызметінің 50 жылдығына арналған салтанатты шара өтті.
Майра Баймұқанқызы – өз кәсібіне адал, балалардың тағдырына бейжай қарамайтын, өмірін ұрпақ тәрбиесіне арнаған абзал жан.
Ол — еліміздің әлеуметтік және білім беру саласында елеулі еңбек сіңіріп келе жатқан көрнекті тұлға.
Іс-шара барысында әріптестері мен орталық тәрбиеленушілері мерейтой иесін шын жүректен құттықтап,
оның көпжылдық еңбегіне, кәсібіне деген адалдығына және өскелең ұрпақ тәрбиесіне қосқан өлшеусіз үлесіне алғыстарын білдірді.
Майра Баймұқанқызы —
«Құрмет» орденінің,
«Ерен еңбегі үшін» медалінің,
«Ы. Алтынсарин» төсбелгісінің,
«Асыл жүрек» медалінің иегері.
Осындай көрнекті тұлғамен бір ұжымда еңбек етіп, мерейлі сәтін бірге атап өту – біз үшін үлкен мәртебе әрі мақтаныш!
Майра Баймұқанқызына зор денсаулық, сарқылмас қуат, еңбегіне жеміс тілейміз!