Жаз — балалық шақтың бақыты

📸 “Жаз — балалық шақтың бақыты!”🌞
Жазғы демалыс кезінде балалардың уақытын тиімді әрі қызықты өткізу мақсатында түрлі бағыттарда тәрбиелік, шығармашылық және қауіпсіздік шаралары ұйымдастырылды:
🌿 1. “Гүл мен бала – табиғаттың шуағы”
Экологиялық тәрбие бағыты
Мақсаты: Балалардың табиғатқа деген сүйіспеншілігін арттыру, экологиялық сана қалыптастыру.
🎨 2. Шебер қолдар үйірмесі – “Домбыра”
Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық аспабы – домбыраны дәріптеу, балалардың музыкаға деген қызығушылығын ояту, қол шеберлігін дамыту.
📚 3. Балалар кітапханасы бағыты – “Менің сүйікті кітабым”
Мақсаты: Оқуға деген ынтаны арттыру, балалардың шығармашылық қабілетін және сөздік қорын дамыту.
🧵 4. Тігіншілер үйірмесі
Мақсаты: Қолөнерге баулу, тігін ісіне қызығушылықты арттыру, еңбекке баулу.
🚨 5. Антитеррорлық қауіпсіздік оқу-жаттығулары
Мақсаты: Балаларға төтенше жағдай кезіндегі дұрыс әрекет етуді үйрету, қауіпсіздік ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру.
🏃‍♂ 6. “Менің жазғы көңілді ойындарым”
Мақсаты: Балалардың белсенділігін арттыру, достық қарым-қатынас орнату, жазғы демалысты көңілді әрі мазмұнды өткізу.
🌈 Жаз – тек демалыс емес, тұлғалық даму мен қуаныштың кезеңі!