Қарттар күні
✨ Бүгін 1 қазан – Қарттар күніне орай біздің орталығымызда тәрбиеленушілердің қатысуымен құттықтау мерекелік концерті өтті.
Бұл күні ардақты ақсақалдарымыз бен ұлағатты ұстаздарымызға құрмет көрсетіліп, шәкірттер жүрекжарды өлеңдері мен әсем әндерін арнады.
Қонаққа Донское ауылының ардақты ақсақалдары мен ұлағатты ұстаздары шақырылды:
1. Ануфриева Диана Григорьевна – ауыл мектебінде ұзақ жылдар математика пәнінің мұғалімі, мектеп директоры қызметін атқарған.
2. Атабаева Кульбаран – көп жылғы еңбегімен жас ұрпаққа білім берген қадірлі ұстаз.
3. Леонтьев Михаил Викторович – биология және химия пәндерінің мұғалімі, сондай-ақ мектеп директоры қызметін атқарған.
4. Бутырский Иван Сергеевич – осы мектепте дене шынықтыру пәнінің ұстазы болған.
5. Оразғалиева Сағдат Мұразиновна – бүгінгі таңда 80 жасқа толып отырған, өмірлік тәжірибесімен жастарға үлгі болып жүрген ардақты ұстаз.
🎉 Концерт барысында қонақтарға тәрбиеленушілеріміздің мерекелік құттықтаулары, ән-билері мен ыстық ықыластары жолданды.
Бұл шара қарттарымызға деген сый-құрметтің белгісі болып, оларға қуаныш пен мерей сыйлады.
Барша қарттарымызды Қарттар күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! 💐❤
#ҚарттарКүні #МерекелікКонцерт #ҰстазғаҚұрмет #ШҚОББ #КәмелеткеТолмағандардыБейімдеуОрталығы