Қаржылық қауіпсіздігі бойынша диктант

❗❗❗МАҢЫЗДЫ❗❗❗

2025 жылғы 10–20 қазан аралығында ҚР Қаржы мониторингі агенттігі «AMANAT» партиясымен және «Қазақстан Халық банкі» АҚ-мен бірлесіп, AML ACADEMY платформасында қаржылық қауіпсіздік бойынша республикалық ТЕСТІЛЕУДІ өткізу жоспарлануда.

Іс-шараның мақсаты – азаматтардың алаяқтық схемаларға тартылуының алдын алу, профилактикалық іс-шаралар арқылы олардың қаржылық сауаттылығын арттыру.

Тестілеу онлайн форматта өтеді, сұрақтар күрделілік деңгейіне қарай бөлінеді.

Тестілеу қорытындысы бойынша 90 балдан жоғары жинаған алғашқы 10 қатысушы құнды сыйлықтармен және атаулы сертификаттармен марапатталады. (Кемінде 50% дұрыс жауап берген қатысушылар да сертификат алады.)