Көктемнің алғашқы күні
1. «Алғыс айту күні» – бұл, ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні. Мақсаты: Балалардың жанұяға, ата — анаға, үлкен — кішіге деген сүйіспеншілігін, сыпайылық қарым — қатынастарын дамыту. Ризашылық пен алғыс, жақсы тілек, ізеттілік туралы түсінік беру, бір — бірімен үйлесімді қарым — қатынас жасай білуге үйрету. Орталықтың тәрбиеленушілері өз ізгі тілектерін арнап, өлең жолдарын арнады.Өз қолдарымен құттықтау қағаздарын жасап, ұжымға рахметтерін айтты.
2. Аппликация «Көктем қызы». Мақсаты: Жыл мезгілдері жайлы түсіндіру. Жыл мезгілі көктем жайлы ойларын дамыту. Көктемгі пейзажды жапсыру.
Өз қиялдарымен көктем қызын бейнелеп жапсырма суреттерді жапсырды.
