«Ұлыстың ұлы күні»

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтауымызды қабыл алыңыздар!

Біз үшін бұл асыға күтетін және ең ғажайып, ең ұлық мерекелердің бірі.

Орталықта балалардың наурыз мерекесіне арналған жыр шашулары болды. Би билеп, ән салды. Ұлттық ойындарымызды дәріптеп, қуанышқа ие болды. Балаларға арнап дастархан жайылып, наурыз көжеден дәм татты. Балалар алғысын айтып, бір-бірлеріне жылы лебіздерін білдірді.

Наурыздың шуақты күндері бізге көктемгі жылумен қоса қуаныш пен бақыт әкеледі, табиғатта болып жатқан үйлесімділік жүрегімізге үн қосып, жақындарымызға мейірімділік пен махаббат сыйлайды.

Көктем лебі сіздерді шуағына бөлеп, әз-Наурыз әр шаңыраққа құт-береке мен молшылық әкелсін, алға қойған жоспарларыңызды ойдағыдай іске асыруға сенім сыйласын!

Әрбір үйге, әр отбасына бейбітшілік пен татулық, денсаулық, бақ-береке тілейміз!