Менің болашағым

«12 — сәуір Ғарышкерлер күні». Жас ұрпақтың патриоттық, отаншылдық сезімін оята отырып, елiн, жерiн, сүюге, кұрметтеуге тәрбиелеу, ғарышкерлерге деген құрмет сезiмге баулу арналған сабақта тәрбиеші Қыдырбек А.Қ. Кеңінен ақпараттар беріп, еліміздің ғарышкерлер жайлы өмірбаяндарымен таныстырылды.

«Ата-анамның мамандығы». Тәрбиеленуші балалардың ойлау қабілеттерін дамыта отырып, болашақ мамандыққа байланысты ұғымдарын тереңдетіп, қызығушылығын арттыру. Жұмыстың мазмұнымен, мағынасымен айрықшаланатын мамандық әлемінің түрлері туралы түсінік қалыптастыру. Тәрбиеші Ибраева Д.К. балалардың бойына жақсы қасиеттерді сіңіру, мамандық тандай білуге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу жұмысын жүргізді.

«Мен ерекше адаммын». Мақсаты балалардың тұлғалық даму кезеңінде өзін-өзі тануға және өзін-өзі дамытуға саналы қажеттілігін қалыптастыруға жағдай жасау. Тәрбиеші Қыдырбек А.Қ. әр баланың ерекшеліктерімен таныстырып өз-өзін құрметтеуге, сыйлы болуға тәрбиелік жұмысын жүргізді.

«Менің құқығым мен міндеттерім». Тәрбиеші Кумарова Г.К. сабағының мақсатында мыналар жүзеге асырылды

-оқушылардың құқықтық білімін жетілдіру,құқықтық білім әр адамның ісі екенін ұғындыру;

-ой-өрісін дамыту,белгілі бір пікір айтуға,тұжырым жасауға үйрету,есте сақтау қабілетін жетілдіріп,сөздік қорын молайту;

-оқушылардың бойына құқықтық,патриоттық,адамгершілік тәрбиені сіңіру;