Жазғы демалыс кезінде

  1. Аппликация «Теңіз асты патшалығы». Мақсаты: балық туралы балалардың білімдерін жүйелеп тереңдету; шеттерін қию, қию іскерліктерін жетілдіру; ірі бөлшектерді өзіне тән ұсақ бөлшектермен толықтыра отырып жапсыру; шығармашылық қабілеттерін, қол бұлшық еттерін дамыту.
  2. «Көңілді старт» эстафеталық жарыстар. Мақсаты: Балаларды спорттық ойындарға деген бейімділігін, денсаулықтарын жаңғырту, спортқа деген қызығушылықтарын арттырып, дене қозғалыстарын жетілдіру. Дене шынықтыру жаттығулармен өз бетінше шұғылдануға, этикалық және эстетикалық тәрбие беру.
  1. «Менің қауіпсіздігім» Мақсаты: Оқушыларға жолда жүру, су және өрт қауіпінен сақ болу және ережелерімен таныстыру. Оқушылардың жолда жүру ережелері,су және өрт қауіпсіздігі ережелері туралы білімдерін қалыптастырып, қауіп төнген кезде өздерін қорғай білуге машықтандыру.
  2. «Кім жылдам?», «Кім епті?» Мақсаты: Оқушыларды бір ортақ мақсатқа жұмыла білуге, ұжымшылдыққа баулып, қимыл — әрекетке жаттықтыру.