Конституция күні

Бүгін, 30 тамызда еліміздің Ата заңының қабылданғанына 29 жыл толады. Конституция – елдің саяси, экономикалық, әлеуметтік құрылымын және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын айқындайтын негізгі құжат. Оның қабылдануы елдегі тұрақтылықты, бейбітшілікті және ұлтаралық келісімді нығайтуға ықпал етті.

Сондай ақ, Орталығымыздағы тәрбиеленушілермен қалаға саяхат жасап, қаламыздың көрікті жерлерінде болып естелік суреттерге түсті. Балаларға жақсы көңіл сыйладық.

Атаулы күнде мерекелік шара «Конституция күні» аталып өтті. Шараға барлық бала ат салысып, өлең жолдарын, жылы лебіздерін арнап ән, би шашу арнады. Атаулы мереке жайлы балаларға құнды ақпараттар бере отырып, рухани адамгершілікке, елін сүйетін патриот болуға бағытталған бейне жазбалар көрсетілді. Соңында Республикалық сурет көрмесіне қатысқан талантты оқушыларды құттықтап, сыйлықтары табысталды. Алғаш мектеп табалдырығын аттағалы отырған оқушыларға » Мектеп акциясы» аясында оқу құралға толы сөмкелер табысталды. Бүгінгі шараны жақсы көңіл күймен аяқтадық.