Семинар-тренинг

2024 жылдың 25 қыркүйегінде ҚР Оқу-ағарту министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті «El Umiti»  Корпоративтік қорымен бірлесіп Өскемен қаласындағы «Ш.Уалиханов атындағы №3 мектеп-лицей» КММ базасында білім беру ұйымдарының жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалармен жұмыс жасайтын педагогтеріне оқыту семинар- тренинг өткізілді.

Іс-шараға ШҚО ББ-ның «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» КММ-нің директорының міндетін атқарушысы,тәрбиешілері,психологы және әлеуметтік педагогтері қатысты.

Семинар тренері Жумабаева Динара Амандыковна жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған ұйымдардағы балалардың «4К» дағдысын дамыту және қабілетін диагностикалау әдістері бойынша жұмыс көрсетті.

Іс-шара соңында кері байланыс ұйымдастырылып, барлық педагогтерге сертификаттар табысталды.