Көңілді қыс

«Қаржылық сауаттылық» «Біртұтас тәрбие»бағдарламасы аясында балаларды қаржылық сауаттылыққа үйрету мақсатында «Дүкен»,»Банкомат»»Әмиян» атты сюжетті -рөлдік ойындар ұйымдастырылды.Мақсаты:ойындар мен тапсырмалар арқылы қаржылық сауаттылық дағдыларына үйрету,балаларға ақша,оны пайдалану жолдары, заттардың бағасы туралы қарапайым түсініктерін қалыптастыру,ақшаны жинақтаудың маңыздылығын түсіндіру, қаржылық шешімдер қабылдау дағдыларын қалыптастыру,адамдармен өзара дұрыс қарым-қатынас жасай білуге тәрбиелеу.
«Машина құрастыру»
Мақсаты: Балаларға көліктер туралы түсініктер бере отырып, жүк машинасын құрастыруды үйрету. Құрастыру жұмыстарын жасау қабілеттерін арттыру. Ойлау , есте сақтау қабілеттерін дамыту. Бастаған жұмысты аяқтай білуге тәрбиелеу.
«Қыс мезгіліндегі тәртіп»
Мақсаты: Оқушылардың қысқы демалыс кезінде сақтауға тиіс қауіпсіздік ережелерімен таныстыру, өмір қауіпсіздігі туралы сауаттылығын арттыру, жауапты болуға, мұқият және сақ жүруге тәрбиелеу.
«Гүл мен Айна» шығармашылық жұмыстар жасалынды. Мақсаты: Балалардың қолөнер бұйымдарын дайындау технологиясының бірізділігін меңгерту үшін жағдай жасау. Шығармашылық қиялдың, ойлау әрекетінің дамуын салыстыру, талдау, ептілігін, икемділігін дамыту.
«Жаттығу залында» Ересек балалардың таңғы дене жаттығуларымен айналысып, сауықтыру шаралары жүргізілді.
«Құмыра» орталықтағы балалардың қолөнерге деген қызығушылықтары арта бастады. Соның бірі құмыраны қолдағы күнделікті қолданып жүретін бұйымдармен жасап шығарды.
«Әріптер сөйлейді»
Кіші топ жастағы балалармен интелектуалды ойындар ойнатылды. Қызығушылықтарын ояатып, әріптерді сөйлетті.
«Жіппен сурет салу»
Балалар жіп графикасы арқылы ерекше сурет салуға тамаша мүмкүндік алады. Пайда болған суреттерді «жұмбақ суреттер», «сиқырлы суреттер» деп те атауға болады. Жіп графикасы негізінде түсірілетін сиқырлы сызықтарды қылқаламмен фломастермен немесе қарындашпенжіппен сурет салу арқылы шығармашылықтарын ұштастырып, ой-қиялдарын дамытты.