Алғыс айту күні
1 наурыз – Алғыс айту күніне орай біздің орталығымызда ашық есік күні ұйымдастырылды.
Шараның басты мақсаты – ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды ата-аналарымен және туысқандарымен жүздестіру, оларды қауыштыру болды.
Мерекелік іс-шарада орталығымыздың тәрбиеленушілері өз өнерлерін ортаға салып, ән айтып, би билеп, жүрек жарды өлең шумақтарын арнады. Балалардың жарқын жүздері мен қуанышты сәттері бәрімізге ерекше әсер сыйлады.
Мұндай іс-шаралар балалардың жүрегіне жылулық ұялататынына және қоғамның мейірім мен қамқорлыққа толы екенін сезіндіретініне сенімдіміз.
Барлық қатысушыларға алғыс білдіреміз және жүректеріңізде әрдайым мейірім мен алғыс сезімі ұяласын деп тілейміз!
В нашем центре прошёл день открытых дверей, приуроченный ко Дню благодарности 1 марта.
Цель мероприятия — воссоединение детей, оставшихся без попечения родителей, с их родителями и родственниками.
Воспитанники центра поздравили гостей с праздником, подарив свои творческие выступления. Ребята пели песни, танцевали и читали проникновенные стихи. Их искренние улыбки и радостные глаза создали по-настоящему тёплую атмосферу.
Мы верим, что такие мероприятия помогают детям ощутить тепло и заботу, а также почувствовать, что мир полон доброты и поддержки.
Выражаем благодарность всем участникам и желаем, чтобы в ваших сердцах всегда жили добро и благодарность!