Елбасының жолдауы

Ел Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев үстіміздегі жылдың 14 наурызында Бурабай төрінде өткен Ұлттық Құрылтайдың алғашқы күнінде ел экономикасы, мәдениеті һәм болашағы тұрғысындағы түйткілді мәселелер мен қатар балалар мен әйелдердің құқықтарын қорғауға, зорлық-зомбылықпен күресуге, сондай-ақ дәстүрлі құндылықтарды сақтауға қатысты өзекті мәселелерді атап өтті. Әсіресе, жасөспірімдер суицидінің алдын алу шараларына және психологиялық қолдау орталықтарын құруға ерекше назар аударды.
Сондай-ақ алдағы уақытта атқарылатын жұмыстарды күшейту қажеттілігін атап, әсіресе зорлық-зомбылық жағдайлары сақталған шалғай аудандарда ерекше назарға алу қажеттігіне баса назар аударды. Бұл мемлекеттің, қоғамның және әрбір азаматтың күш-жігерін біріктіруді талап етеді деді.
Сонымен қатар, отбасылардың қауіпсіздігі мен әл-ауқатын нығайтудың нақты векторы белгіленді. Бұл жұмысты жалғастыру ғана емес, оны жергілікті жерлерде тиімді жүзеге асыруды қамтамасыз ету де маңызды деп атады.
#МОНРК
#Біртұтас_тәрбие_бағдарламасы
#балаларқауіпсіздігізаңментәртіп