15 НАУРЫЗ – ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ КҮНІ

15 наурыз елімізде «Қайырымдылық күні» ретінде белгіленген. Бұл ерекше күннің мақсаты – қоғамда мейірімділік пен жанашырлықты насихаттау, мұқтаж жандарға қолдау көрсету.

Айтулы мерекенің екінші күнінде ел ішінде түрлі игі істер атқарылып, көмекке зәру жандарға қолдау білдіріледі.

Біздің орталықта тәрбиеленушілер қайырымдылықтың белгісі ретінде құстарға ұя жасап, табиғатқа жанашырлық танытты. Бұл іс-шара балалардың бойында қамқорлық пен жауапкершілік сезімін қалыптастыруға ықпал етеді.

Қайырымдылық жасау – жүректің ісі! Әрқайсымыз игі істерге атсалысып, айналамызға жылулық сыйлайық