16 НАУРЫЗ – ШАҢЫРАҚ КҮНІ
16 наурыз – Шаңырақ күні, отбасы құндылықтарын, бірлікті, дәстүр мен ұрпақтар сабақтастығын дәріптейтін ерекше мереке. Бұл күн халқымыздың атадан балаға мирас болған ұлттық құндылықтарын жаңғыртып, отбасылық жылулық пен татулықты насихаттауға бағытталған.
Бүгін біздің орталықта тәрбиеленушілермен бірге қазақтың дәстүрлі ұлттық тағамы бауырсақ пісірдік. Балалар өз көздерімен көріп, қамырдың иленуінен бастап бауырсақтың дайын болғанына дейінгі бүкіл процеске атсалысты. Піскен бауырсақтарды өзара бөлісіп, бірге ауыз тиді. Өз қолдарымен дайындап жеген бауырсақтың дәмі олар үшін ерекше тәтті болды!
Бұл шара балаларға ұлттық дәстүрлерді жақынырақ танып-білуге, ортақ іске біріге атсалысуға және ең бастысы – бірлік пен мейірімділіктің мәнін түсінуге мүмкіндік берді.
Шаңырағымыз биік, берекеміз арта берсін!