17-наурыз «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні»
17-наурыз «Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні» Бұл күні біз Өскемен қаласы әкімдігінің «Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі» КММ Оралхан Бөкей атындағы кітапханасына орталық тәрбиеленушілері экскурсияға барып қайтты. Бұл танымдық шара балаларға ерекше әсер қалдырып, олардың білім көкжиегін кеңейтуге мүмкіндік берді.
Экскурсия барысында тәрбиеленушілер кітапхананың әртүрлі бөлімдерімен танысты:
• Оралхан Бөкей кабинеті – қазақ әдебиетінің көрнекті өкілі Оралхан Бөкейдің өмірі мен шығармашылығына арналған арнайы бөлме. Балалар жазушының еңбектерімен танысып, оның әдеби мұрасы туралы мағлұмат алды.
• 3D кабинеті – заманауи технологиялармен жабдықталған кабинет. Мұнда балалар инновациялық құралдармен танысып, үш өлшемді модельдеудің қыр-сырын көрді.
• Ұлттық киім және ұлттық салт-дәстүр бөлмесі – қазақ халқының мәдениеті мен дәстүрін дәріптейтін ерекше зал. Тәрбиеленушілер ұлттық киімдерді, дәстүрлі бұйымдарды тамашалап, ата-бабаларымыздың тұрмыс-салты жайлы қызықты ақпарат алды.
• Робот электроника бөлмесі – балалардың техникалық қабілетін дамытуға арналған бөлім. Бұл жерде олар робототехника негіздерімен танысып, түрлі электронды құрылғылардың жұмыс істеу принциптерін көрді.
• Балалардың серуендеу бөлмесі – демалып, ойлау қабілетін сергітуге арналған арнайы аймақ.
• Конференц зал – экскурсияның қорытынды кезеңі өтті. Балалар алған әсерлерімен бөлісіп, түрлі қызықты ойындарға қатысты.
Экскурсия соңында тәрбиеленушілерге кітаптар сыйланып, олар үшін бұл күн нағыз мерекеге айналды. Осындай танымдық шараны ұйымдастырып, тәрбиеленушілерге ерекше көңіл бөлгені үшін кітапхана ұжымына және оның басшысы Ақжігітова Кабиба Мұрзақанқызына алғысымызды білдіреміз.
Біз өзара ынтымақтастығымызды одан әрі жалғастырып, осындай игі бастамаларды бірге жүзеге асыруға ниеттіміз. Сіздерді Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Береке мен молшылық, денсаулық пен табыс тілейміз!