18- наурыз «Ұлттық киім күні»
18-наурыз – Ұлттық киім күніне орай орталық тәрбиеленушілері ұлттық нақыштағы сән үлгісін көрсетіп, қазақтың дәстүрлі киімдерінің ерекшелігін паш етті. Шара барысында олар ою-өрнекпен безендірілген шапан, камзол, сәукеле, тақия сынды киімдерді киіп, олардың маңызы мен тарихы туралы баяндады. Көрсетілім ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді дәріптеуге бағытталып, қатысушыларға ерекше рухани әсер сыйлады. Сонымен қатар, ұлттық киімдердің сәндік және күнделікті өмірдегі қолданысы туралы танымдық мәліметтер ұсынылды.