Жақсыны үйрен
Циклограмма бойынша “Кел, қазақша үйренейік”
Мақсаты:
Балалардың қазақ тіліне деген қызығушылығын арттыру, қарапайым сөздер мен сөз тіркестері арқылы сөйлеу дағдыларын қалыптастыру. Тіл үйренуге деген ынтасын оятып, қазақ тілінің маңыздылығын түсіндіру.
“Тігіншілер өнері”
Мақсаты:
Балаларға тігіншілік өнері туралы мағлұмат беру, тігін құрал-саймандарымен таныстыру, шығармашылық қабілеттерін дамыту. Ұлттық киімдер мен заманауи үлгілерге қызығушылық қалыптастыру.
“Жанұя және денсаулық” қоғамдық қоры келді.
Кіші топтағы тәрбиеленушілермен кездесу өтті. Одан кейін жасөспірімдермен темекі туралы әңгіме болды.
Мақсаты:
Кіші топтағы балаларға салауатты өмір салты жайлы алғашқы түсінік қалыптастыру, тазалық пен денсаулықтың маңызын түсіндіру. Жасөспірімдерге темекінің зияны туралы ақпарат беру, зиянды әдеттерден аулақ болуға баулу және дұрыс таңдау жасауға бағыт беру.