23 сәуір – Ұлттық кітап күні

Осы күнге орай Орталықта тәрбиеленушілердің қатысуымен түрлі танымдық және шығармашылық шаралар ұйымдастырылды. Балалар “Менің сүйікті кітабым” бөлімінде өздеріне ұнаған кітаптарымен таныстырып, әсерлерімен бөлісті. “Кітап әлеміндегі қиял” атты сурет көрмесінде кітаптардан алған шабыттарын бейнелесе, “Кім жылдам оқиды?” әдеби эстафетасында жылдам әрі мәнерлеп оқу шеберліктерін көрсетті. Сонымен қатар, “Кітапқа хат” шығармашылық сағатында балалар сүйікті кітаптарына жүрекжарды хаттарын жазды.
Мақсат – балалардың кітапқа деген қызығушылығын арттырып, оқуға деген сүйіспеншілікті ояту.