Ұлы жеңіске -80 жыл

Бүгін, Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай, Донское ауылындағы «Обелиск» ескерткішіне орталық тәрбиеленушілерімен бірге барып, мерекелік шара өткіздік. Іс-шара барысында тәрбиеленушілер жауынгерлер рухына тағзым етіп, гүл шоқтарын қойды. Сонымен қатар, патриоттық әндер шырқалып, өлең жолдары айтылды. Бұл шара жас ұрпаққа отансүйгіштік пен тарихқа деген құрметті сіңіру мақсатында ұйымдастырылды.