Ұстазға алғыс

✨ Бүгін, 29 қыркүйек күні біздің орталығымызда «Ұстазға алғыс» атты мерекелік шара өтті.
🌸 Шара барысында ұстаздарымызға арнап жүрекжарды өлеңдер оқылып, әуезді әндер шырқалып, әсем билер орындалды.

📚 Ұстаз – жас ұрпақтың жүрегіне жол тауып, білім мен тәрбиенің шуағын шашатын тұлға. Олардың еңбегі — өлшеусіз, ал шәкіртке деген қамқорлығы — шексіз.

💐 Біздің ұжым барша ұстаздарды кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтап, қажырлы еңбектеріне зор алғыс білдіреді! Сіздерге мықты денсаулық, сарқылмас шабыт пен шәкірттеріңіздің құрметі жолдас болсын!

#ҰстазғаАлғыс #ҰстаздарКүні #ҰстазМәртебесі #Құрмет