Республикам менің
🇰🇿 «Республикам менің» 🇰🇿
Бүгін орталығымызда атаулы мерекеміз — «Республика күні» кеңінен атап өтілді. 🎉
Іс-шара барысында орталық тәрбиеленушілері Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын шырқап, өз өнерлерін паш етті. 💫
Балалардың орындауындағы өлеңдер мен патриоттық әндер мерекенің мәні мен маңызын арттыра түсті. ❤️
Осындай іс-шаралар арқылы өскелең ұрпақтың бойында отансүйгіштік сезім мен еліне деген мақтаныш рухы қалыптасады! 🇰🇿✨
🤍 Елімізге тыныштық, бірлік пен береке тілейміз! 🤍