Өрттен сақтанайық
19 қараша 2025 жылы ШҚО ББ «Кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы» КММ-де, Донское ауылында, орталық қызметкерлері мен тәрбиеленуші балалардың қатысуымен қауіпсіздікке қатысты түсіндіру жұмыстары өткізілді.
Іс-шараны Ұлан ауданының Азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар істері жөніндегі басқармасы қызметкерлері жүргізді:
Бидахметов Адилбек Шарипханович – басқарма бастығы, азаматтық қорғау полковнигі;
Тұрарова Мадина Қайратовна – аға инженер, азаматтық қорғау майоры.
Кездесу барысында орталық қызметкерлері мен тәрбиеленуші балаларға:
орталықтың қауіпсіздік шығу жолдары,
эвакуациялық жоспарлар,
дабыл (тревога) кезінде іс-қимыл тәртібі
түсіндіріліп, тәжірибелік түрде көрсетілді.
Сонымен қатар тәрбиешілер де балалармен толықтай түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, нұсқаулықтармен таныстырды, сондай-ақ «Өрттен сақтанайық» атты суреттер салу арқылы балалардың назарын қауіпсіздікке аударды.
Кездесу барысында келесі тақырыптар қамтылды:
«Өрт кезіндегі іс-қимылдар»;
«Тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі қағидалары»;
«Қыста су айдындарындағы қауіпсіздік ережелері»;
«Нысандағы өртке қарсы режим»