Құқықтық сауаттылық түсіндіру жұмыстары

Біздің орталық тәрбиеленушілерімен құқықтық түсіндіру жұмыстары

Біздің орталық тәрбиеленушілерімен УПП №13 Улан аудандық полиция бөлімінің майоры Шомбин Берік Құдысович және Улан аудандық полиция бөлімінің кәмелетке толмағандар істері бойынша аға инспекторы Глушкова Фрида Александровна өткізген құқықтық түсіндіру дәрістері ұйымдастырылды.

Іс-шара барысында:
✅ Тәрбиеленушілердің құқықтары мен міндеттері туралы айтылды;
✅ Құқық бұзушылықтардан сақтану жолдары мен заңға сыйластық қағидалары түсіндірілді;
✅ Ересектер тарапынан кері әсерін тигізетін әрекеттерге жол бермеу мәселесі қаралды;
✅ Қиын жағдайдағы балаларға заңды қорғау жолдары көрсетілді, мысалы:

зорлық-зомбылықтан қорғау;

алаяқтық әрекеттерден сақтану;

интернеттегі және киберқауіптен қорғау;
✅ Тәрбиеленушілердің қауіпсіздігін сақтау және құқықтарын қорғау бойынша практикалық кеңестер берілді. Сонымен қатар «Менің құқығым» атты сабақ
Біздің орталық тәрбиеленушілерімен «Менің құқығым» атты тәрбиелік түсіндіру сабағы өткізілді.

Сабақ барысында:
✅ Тәрбиеленушілерге олардың құқықтары мен міндеттері түсіндірілді;
✅ Құқықтық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған ойындар мен талқылаулар жүргізілді;
✅ Сабақ соңында балалар өз ойларын суреттер арқылы бейнеледі, бұл олардың тақырыпты түсінуін көрсетті.